Атырау, 2 қазан 00:18
 ашықВ Атырау +19
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлғандарға жаза қолданылады

1 060 просмотра

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар бар. Оларды жұлуға қатаң тыйым салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде Қызыл кітапқа енген қызғалдақтардың түрлері Түркістан облысы мен аталған өңірдің оңтүстік аймағында, Ақсу-Жабағылы мен Қаратау қорығында, Берқара бауында кездеседі. Олар мемлекеттік қорғауға алынып, Қызыл кітапқа енгізілген.

«Жойылып кету қауіпі бар қызғалдақ түрлерін жұлған жағдайда ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабымен іс қозғалып, 3000 АЕК (10 350 000 тг) дейін айыппұл салынады. Сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айырылады. Сондықтан қызғалдақтарды жұлмаңыздар. Керісінше оны брендке айналдыруымыз керек. Бұл өсімдік біздің қасиетті даламыздың байлығы мен жеріміздің ерекшелігі», дейді Ақсу-Жабағылы табиғи қорығының ғылыми қызметкері Сматулла Джуманов.

6 сәуір 2023, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.