Атырау, 2 қазан 00:29
 ашықВ Атырау +19
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Қызылордада мектеп оқушысы үзіліс кезінде сыныптасына пышақ сұғып алды

945 просмотра

Қызылордалық оқушы сыныптасына пышақ сұғып алды. Оқиға қаладағы №217 орта мектепте болған, деп хабарлайды Астана тв.

Үшінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде балалар сыртқа шығып жанжалдасып қалған. Бұған қатысты тергеу амалдары басталды. Мәселенің жай-жапсарын Мөлдір Тоқтасынқызы тарқатады.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Оқушылар арасындағы жаға жыртыстың неден басталғаны әзірге белгісіз. Сабақ арасында үзіліске шыққан 11 сынып оқушысы сыныптасын үш жерден пышақтаған. Жәбірленуші бірден ауруханаға жеткізілді.

Зоя КӨШЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Пышақтың тиген жері сол иығы, сол кеуде тұсы және сол саны. Зерделеу, тексеру жұмыстары жүргізілді. КТ түсірілді. Кеуде клеткасын, ішкі құрылысын узи түсірдік. Балада сыртқы тері қабатының зақымдалуы көзге түсті. Соған байланысты өңделіп, тігіліп, баланы амболаториялық бақылауға үйіне жіберілді.

Оқушының суық қаруды мектепке қайдан, қалай әкелгені беймәлім. Ал білім бөліміндегілер жарақаттың пышақтан болғандығын жоққа шығарып отыр.

Самат КҮНҚОДЖАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қалалық білім бөлімі және облыстық білім басқармасы тарапынан жұмысшы тобы құрылып, қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүрзіліп жатыр. Суық қару қаруды ешқандай мектепке алып келмеген. Жеңіл дене жарақаты темір тектес үшкір затпен жасалған.

Күдікті жасөспірім қазір үйінде. Құқық қорғау орындары оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастады.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ:

Облыс орталығындағы мектептердің бірінде оқушылар өзара жанжалдасып, салдарынан олардың біреуі пышақ жарақатын алды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Оқушылардың сабақ уақытында мұндай әрекетке қалай барғаны белгісіз. Оқиғаның бүге-шүгесі де құпия күйде қалып отыр.


6 сәуір 2023, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.