Атырау, 2 қазан 00:20
 ашықВ Атырау +19
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Елімізде әуе билеті неге қымбат

619 просмотра

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов сенаттағы отырыста Қазақстанда әуе билетінің бағасы мен компаниялар шығыны қалай реттелетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Билет бағасына келсек, халықаралық тәжірибеге сәйкес, билеттер құны реттелмегенін айта кеткен жөн. Баға белгілеудің нарықтық механизмі (сұраныс, ұсыныс) қолданылады. Тарифтік құрылымдағы негізгі үлестерді жанар-жағармай шығыны (32%), эксплуатациялық шығын (18%), әуе кемелерінің лизингі (18%) және әуежай қызметтері (13%), жалақы қоры (6%) құрайды". 

Оның сөзінше, ішкі нарықта әуекеросиннің тапшылығы және оның қымбаттығы - елдегі азаматтық авиацияның дамуын тежейтін және баға белгілеуге әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Мысалы, 2022 жылы мұнай өңдеу зауытының өнімі (648 мың тонна) мен тұтыну (806 мың тонна) арасында19% теңгерімсіздік болды.

"Айта кету керек, әуе компаниялары шығынының 80%-ға жуығы шетел валютасында жүзеге асырылады – әуе кемелерін сатып алу немесе жалға алу, қосалқы бөлшектерді сатып алу және тағы басқа. Бұл ретте әуе компаниясы табысының 80%-ға жуығы теңгемен түседі. Осыған байланысты өз шығынын өтеу үшін әуе компаниялары бағам қысымына байланысты билеттер құнын реттеуге мәжбүр", - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

Ыдырысовтың айтуынша, жалпы әуе билеттерінің бағасы мемлекеттік реттеуге жатпайды.

"Әуе компаниясы бағаны негізсіз көтерсе, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сай ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚЖДА) монополияға қарсы әрекет ету шараларын қолданады. Мысалы, былтыр Бас көлік прокуратурасы ҚР БҚЖДА бірлесіп, қазақстандық әуе компанияларында динамикалық баға белгілеу принципін қолдану фактісі бойынша тексеру жүргізді. Нәтижесінде тиісті бұйрық шығарылды. Бұл бөлімде динамикалық баға белгілеу қағидатын реттейтін нормативтік құқықтық актіні әзірлеу жүргізіліп жатыр".

5 сәуір 2023, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.