Атырау, 2 қазан 00:15
 ашықВ Атырау +19
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

«ТаразЭнерго» экс-басшысы үкім шықпай, қашып үлгерген

520 просмотра

Еліміздің құқық қорғау органдары тағы бір айыпталушыдан көз жазып қалды. Бұл жолы «ТаразЭнерго» орталығының бұрынғы басшысы үкім шықпай тұрып қашып үлгерген, деп хабарлайды КТК.

 «Мемлекет қаржысын жымқырды» деп айыпталған бизнесменнің қайда кеткенін ешкім білмейді. 

Бақберген Мәуленов соңғы сот отырыстарына да келмеген. Жуық арада үкім оқылады деп жүргенде, судья қашып кеткен айыпталушыға іздеу жарияланғанын мәлімдеді. Ол да генерал Серік Күдебав секілді шетел асып кетті ме, әлде ел ішінде жасырынып жүр ме, ол жағы әзірге белгісіз.

Бақберген Мәуленов қазынаның 2 миллиард теңгесін қалтасына басқан деп күдікке ілініп, бір жарым жыл бұрын баласы екеуі қамауға алынған. Өзі үш ай бұрын кепілдікпен үйқамаққа шыққан еді. Ал ұлы мен тағы 7 сыбайласы осы іс бойынша тергеліп жатыр. 

Жылу тарату мекемесінің экс-президенті баласын түрмеге тастап өзі із суытқаны көпті таңдай қақтырды. Ал оның жоғалып кеткені туралы 28 наурыз күні сот отырысында белгілі болыпты.

Бірақ ресми мәлімет тек бүгін тарады. Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты: 

- 28.03.2023 жылғы қаулыға сай, сотталушы Б. Мәуленов сот отырысына себепсіз келмегеніне байланысты іздестіру жарияланды. Сотталушы ұсталған соң бұлтартпау шарасын қамауға алуға өзгерту шешімі бар. Еске сала кетейік, бұның алдында сотталушы Б.Мәуленовке қатысты бұлтартпау шарасы үйқамақ болатын. Қаулыны орындау үшін Жамбыл облысының полиция департаменті мен экономикалық тергеу департаментіне жолданған.

5 сәуір 2023, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.