Атырау, 2 қазан 00:31
 ашықВ Атырау +19
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

"Қазавиақұтқару" ұшқыштары жаппай жұмыстан кетіп жатыр

Бейнежазба
532 просмотра

Олар ұйымда қалыптасқан жағдайды "катастрофа" деп бағалап, бас директордың атына хат жазды. Бұл уақытта "Қазавиақұтқару" мемлекеттік компаниясының ұшқыштары жаппай жұмыстан кетіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Компанияда ұшу қауіпсіздігіне дұрыс мән берілмейді, ұжымдағы  моральдық және психологиялық рух төмен, басшылық мәселелерді шешуге құлықсыз, ал айлық аз деп шағынды пилоттар.

Сол басшылықтың сауатсыз шешімдері мен немқұрайлығы салдарынан БҚО тікұшақ апаты болды дейді хат авторлары. Олар бірқатар лауазымды тұлғаны жұмыстан шығарып, жалақыны көтеруді, қауіпсіздік шараларын күшейтіп, дұрыс еңбек жағдайын жасауды талап етті. "Қазавиақұтқару" басшылығы ұшқыштардың талаптарын естідік, мүмкіндігінше орындауға тырысамыз деп уәде берді.


5 сәуір 2023, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.