Атырау, 2 қазан 00:25
 ашықВ Атырау +19
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Көлік салығын төлемеген қазақстандықтарға өсімпұл есептеледі

618 просмотра

2022 жыл үшін көлік салығын төлеу мерзімінің аяқталғанына байланысты 4 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген жеке тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі, деп хабарлады Sputnik қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

"1 АЕК-тен (3 450 теңге) асатын төленбеген салық берешектері бойынша хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң салық бұйрығы шығарылып, бес жұмыс күнінен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, 4 сәуірден бастап салықты төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Ұлттық банктің базалық ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

Артық шығындар мен қиындықтарды болдырмау үшін салық бойынша берешек бар болған жағдайда, салық пен өсімпұлды салық бұйрығын жеке сот орындаушыларына жібергенге дейін төлеуге кеңес береміз (мамыр айының үшінші онкүндігіне дейін), деп ескертті комитет.

Салық берешегінің бар-жоғын "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады: "e-Salyq Azamat"Электронды сервистерСалық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметіЖСН-ды енгізу.

4 сәуір 2023, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.