Атырау, 2 қазан 03:33
 ашықВ Атырау +19
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Қостанай полицейлері 33 жыл бұрынғы кісі өлімін қайтыс болған адамға жаппақ болған

491 просмотра

Олардың бұл әрекетін Бас прокуратура анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, 33 жыл бұрын Қостанай облысының Федоров ауданында бір әйелді өлтіріп кеткен. Полицейлер қылмыстың бетін аша алмай, істі архивке өткізген.

2022 жылы, яғни 32 жылдан кейін аудан полициясы кісі өлтіруші табылғанын баяндаған. «Ж» атты біреудің қылмысты мойындағанын, алайда сол «Ж» өзі де қайтыс болғандықтан іс тоқтатылғанын хабарлаған. Алайда прокуратура «Ж» кінәлі болып танылғаннан 5 жыл бұрын қайтыс болған. Басқаша айтқанда, ол кінәсін мойындау туралы жазбаған, қылмыс жасаудағы кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденбеген. 

Осылайша, полиция қызметкерлері қылмыстың ашылу көрсеткіштерін жасанды түрде жақсарту мақсатында қылмыстық заңнаманың негізгі қағидаттарын бұзған. Прокуратура «Ж»-ны кінәлі деп тану туралы барлық процестік шешімнің күшін жойды. Кінәлі қызметкерлерге қатысты жауапкершілікке тарту туралы мәселе көтерілді.

3 сәуір 2023, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.