Атырау, 2 қазан 03:31
 ашықВ Атырау +19
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

633 просмотра

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 2023 жылдың 3 сәуіріндегі сотқа келмеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

2022 жылдың 13 мамырында Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғаны белгілі болды. Бас прокуратураның хабарлауынша, Алматы облысы ПД бұрынғы басшысына «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» деген күдік бар.

2023 жылдың 31 қаңтарында Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғаннан не үшін кеткенін айтты.

28 ақпанда прокурор Алматы облыстық полициясының бұрынғы басшысы Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарынан бері Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды. 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылған.

3 сәуір 2023, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.