Атырау, 2 қазан 03:26
 ашықВ Атырау +19
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды

826 просмотра

Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бизнесмен 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, мүлкі тәркіленеді.

Айта кетері, Қайрат Боранбаев пен оның бизнес-серіктесі Роман Наханов, сондай-ақ Qazaq Gaz АҚ басқарма басшысының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақ сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңгені қылмыстық жолмен заңдастырғаны үшін айыпталған болатын. Qazaq Gaz" компаниясына келген шығын толығымен өтелді. Ақша ұлттық компанияның шоттарына аударылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі де газ экспорты кезіндегі жымқыру және қылмыстық жолмен табылған мүлікті заңдастыру істері аясында Боранбаев пен басқа тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізген.

Қайрат Боранбаев – қазақстандық кәсіпкер, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы. Оның қызы Әлима Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанға тұрмысқа шыққан болатын. Айсұлтан 2020 жылы тамыз айында қайтыс болды.

31 наурыз 2023, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.