Атырау, 4 маусым 13:10
 бұлттыВ Атырау +29
$ 447.90
€ 482.16
₽ 5.54

Болат Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылуы мүмкін

515 просмотра

Болат Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды NEGE «Пятый регион» басылымына сілтеме жасап.

Қарасай ауданының сотында прокуратура, жергілікті әкімдік және Болат Назарбаев арасында сот процесі жүріп жатыр.

«Қарасай ауданының прокуратурасы жалпы көлемі 35 гектардан асатын жер телімдерін сату келісім-шарттарын жарамсыз деп тануын талап етеді. Оның себебі қарапайым: бұл учаскелер ауыл шаруашылығы жерлеріне тиесілі «суармалы егістік» болған, ал Жер кодексіне сәйкес ауыл шаруашылығы жерлері ерекше қорғауға жатады. Белгіленген мақсатты дәлелді себепсіз өзгертуге жол берілмейді», — деп жазады «Пятый регион».

БАҚ жерді беру дерегі өрескел заңбұзушылықпен жүргізілгенін баса айтады. Сондықтан прокурорлар сатып алу-сату келісімдерін жарамсыз деп танып, мемлекет балансына қайтаруды талап еткен.

2004-2019 жылдар аралығында жер телімдерін сату бойынша 7 келісім-шарт жасалған. Мемлекеттік жерлер әр уақытта берілді: Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы әкімдігі және аудандық жер қатынастары бөлімі.

31 наурыз, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.