Атырау, 22 желтоқсан 19:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сайлаудың соңғы қорытындысы: мәжіліске 6 партия өтті

802 рет қаралды

Орталық сайлау комиссиясы араға бір апта салып мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Партиялық тізім бойынша мәжіліс сайлауына түскен 7 саяси партия мынадай дауыс жинады:

Amanat партиясы – 53,9%;

"Ауыл" партиясы – 10,9%;

Respublika партиясы – 8,59%;

Қазақстан халық партиясы – 6,8%;

"Байтақ" жасылдар партиясы – 2,3%;

"Ақ жол" партиясы – 8,41%;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,2%;

"Бәріне қарсымын" тармағы – 3,9%.

Заң бойынша парламент мәжілісіне өту үшін саяси партиялар 5 пайыздық шекті бағындыруы керек.

Осылайша 19 наурызда өткен сайлаудың қорытындысы бойынша мәжіліске алты партия өтті. "Байтақ" жасылдар партиясына ғана парламенттің төменгі палатасынан орын бұйырмады.

Депутаттық мандаттар:

Amanat партиясы – қырық;

"Ауыл" партиясы – сегіз;

Respublika партиясы – алты;

Қазақстан халық партиясы – бес;

"Ақ жол" партиясы – алты;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – төрт.

Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Ел халқы таңғы жетіден кешкі сегізге дейін өз үміткерлеріне дауыс берді.

Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласты. Парламентке барлығы 98 депутат сайланады, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтеді. Яғни сайлаушылар тек саяси партияларға ғана емес, нақты кандидаттарға да дауыс берді.

Тізімге енген 12 млн сайлаушының тек 54,21%-і ғана сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасады. Бұл соңғы 19 жылдағы ең төмен көрсеткіш.

27 наурыз 2023, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.