Атырау, 4 маусым 13:17
 бұлттыВ Атырау +29
$ 447.90
€ 482.16
₽ 5.54

Енді трамадол есірткі деп есептеледі және еркін сатылмайды

707 просмотра

Қазақстанда тыйым салынған есірткі, психотроптық препараттар тізімі өзгерді. Бұл жайында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінен мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Үкіметі "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы" өзінің №470 қаулысына өзгеріс енгізді.

Өзгерістер трамадол препаратына әсер етті. Енді оны арнайы рұқсаты бар дәріханалар ғана сата алады.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттарды лицензиясыз өткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді.

25 наурыз, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.