Атырау, 19 наурыз 10:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Енді банк алдындағы берешегі барларға несие берілмеуі мүмкін

812 просмотра

Банк алдында қарызды өтеу күні 90 күннен асып кеткен қазақстандықтарға жаңа несие мен микрокредиттер рәсімдеуге шектеу қойылуы мүмкін. Осылайша, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықтың борыштық жүктемесінің өсу тәуекелдерін азайтуды ұсынып отыр. Қоғам талқысына түсуі тиіс құжат «Ашық» үкімет порталында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айта кетейік, бұл тыйым борышты қайта қаржыландыруға, оның ішінде неғұрлым тиімді шарттарда қолданылмайды.

«90 күнтізбелік күннен астам банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша мерзімі өткен берешегі бар Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жеке тұлғаға банктік қарыз беруге тыйым салынады», – делінген заң жобасында.

Бұл ретте қазақстандықтарға міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілімен ломбард арқылы берілетін микрокредит алу құқығы сақталады.

Бұдан басқа, заң жобасында төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты берешекті реттеу шарттары мен тәртібіне өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, сотқа дейінгі реттеу рәсімін орындау кезінде және мерзімі өткен, яғни борышы 18 айдан асқанда банктердің және МҚҰ кредиттерін коллекторларға сату мүмкіндігі көзделеді.

Сонымен қатар, банк пен клиент келісімге келе алмаған жағдайда банктер мен МҚҰ клиентке несие бойынша шартты өзгертуден бас тарта алмайды. Оның орнына агенттік проблемалық өндіріп алу несиесін коллекторлық агенттіктерге беруді ұсынады.

Заң жобасын талқылау 2023 жылдың 6 сәуіріне дейін жалғасады.

24 наурыз 2023, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.