Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

1 319 просмотра

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарманың мәліметінше, 2023 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен 549,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы – 168,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 380,6 млрд теңге.

«2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 992 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 089 теңге, базалық зейнетақы – 37 903 теңге»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, елімізде 2 млн 292 мың адам зейнетақы алады.

24 наурыз 2023, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.