Атырау, 22 желтоқсан 18:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Елена Рыбакина WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды

768 рет қаралды

Қазақстанның үздік ракеткасы Елена Рыбакина финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы ұтып, Индиан-Уэллстегі WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (13:11). Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4, деп жазды Қазақстан теннис федерациясының ресми сайты.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. 

Осылайша, алғаш рет WTA 1000 жарысының жеңімпазы атанған Рыбакина Соболенкодан Аустралия ашық чемпионатының финалында кеткен есені қайтарды.

Сондай-ақ Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтерілді Бұл жеңісімен Рыбакина әлемнің 7-ракеткасы атанды. Бұл – 23 жастағы спортшының бүкіл мансабындағы ең жоғары лауазымы.

18 наурызда Елена Рыбакина әйелдер теннисінен әлем көшбасшысы польшалық Ига Свиатекті жеңіп, Мастерстің финалына шықты.

20 наурыз 2023, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.