Атырау, 2 қазан 07:38
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Еңбек кодексіне кестеден тыс жұмыстан бас тарту құқығы енгізіледі

614 просмотра

Жұмыс беруші қызметкерді мейрам күндері жұмысқа шығару үшін келісімін алуы керек. Жұмысшылар Еңбек кодексіне енгізілген осы өзгерісті алға тартып, кестеден тыс жұмыстан бас тарта алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • Бұл жайында норма Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрі Тамара Дүйсенова Сенат кулуарында айтты.

    «Жұмыс беруші азаматтарды мейрам күндері немесе жұмыс уақыты біткеннен кейін жұмысқа тартатын болса, жұмыскерге хабарлама беру керек. Жұмыскер ол хабарламаға келісетінін көрсетіп және жедел жәрдем мәселелеріне қатысы жоқ», - деді министр.

    Оның сөзіне қарағанда, Еңбек кодексіндегі жаңа нормадағы осы құқығын пайдаланған адамдарды ешкім жұмыстан шығара алмайды.

    «Бұл жерде еңбек шартында не жазылғанына байланысты. Еңбек шартында қосымша жұмыс уақыттары туралы айтылған болса, қалып істейсіз. Ал еңбек шартында нақты уақыт берілген болса, сол уақытта ғана жұмыс істей аласыз», - деді ведомство басшысы.

  • 16 наурыз 2023, 16:06

    Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

    Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.