Атырау, 8 маусым 06:44
 ашықВ Атырау +24
$ 446.65
€ 477.65
₽ 5.49

«Хиуаз» Мәскеуге шақырады

2 183 просмотра

Шереметьево әуежайы: «Хиуазды» Атырауға ұшыруға дайындық.Шереметьево әуежайы: «Хиуазды» Атырауға ұшыруға дайындық.1 сәуірде «Эйр Астана» компаниясы Атырау – Мәскеу бағытында жаңа тұрақты рейсті қолданысқа енгізді. Алғашқы ұшуды Ұлы Отан соғысының аңызға айналған ұшқышы, жерлесіміз Хиуаз ДОСПАНОВАНЫҢ мәртебесіне «Хиуаз» деп аталатын Embraer 190 жаңа әуе лайнері орындады.

1 сәуірде Атырауда осыған орайластырған салтанатты рәсім болып өтті. Оған ұшқыштың ұлы Ерболат ӘМІРОВ қатысты.

- Ұшу ұзақтығы 2 сағат 40 минутты құрайды, - дейді «Эйр Астана» компаниясы-ның аға вице-президенті Ербол ОСПАНОВ. – Екі жақтан да билет құны эконом-класқа 47 640 теңгеден бизнес-класқа 211 326 теңгеге дейінгі аралықта.

Embraer 190 «Эйр Астана» паркін 2012 жылғы мамырда толықтырған. Жабдықталған жайлы реактивті лайнер жолаушыларға эконом-класты 88 орын, бизнес-класты 9 орын ұсынады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

11 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.