Атырау, 11 желтоқсан 12:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Несиеге сұраныс көп

2 686 просмотра

Халық та, бизнес те ақшаларын банкте сақтағанды жөн көреді. Биылғы жылдың алғашқы екі айында Атырау облысында депозитке 61,7 млрд теңге салыныпты, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,7 пайызға көп.

37,4 млрдтеңге заңды тұлға-лардың, 24,3 млрд теңге жеке тұлғалардың еншісінде. Шағын және орта бизнес несиелерді көбірек ала бастады – 2013 жылдың қаңтар-ақпанында екінші деңгейлі банктердің филиалдары 4,9 млрд теңге сомаға несие берген. Бұл 2012 жылдың қаңтар-ақпанына қарағанда 2,4 есеге көп.

Валюталық нарықта ресейлік рубльге сұраныс өсті. Орташа сараланған 5,03 теңге саттық бағамымен үстіміздегі жылдың қаңтар-ақпанында 245 млн рубль сатылған (2,6 есеге өскен). Бұл Кедендік одақ аясында Ресеймен сауда жасау көлемінің көбейгендігіне байланысты болып отыр. 2013 жылдың алғашқы екі айында орташа сату бағамы 150,87 теңге болғанда 89,5 млн доллар сатылған. Бұл 2012 жылдың қаңтар-ақпанына қарағанда 9 пайызға аз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.