Атырау, 2 қазан 07:31
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Қазақстанға Еуропадан да, АҚШ-тан да санкция туралы ресми хабарлама түскен жоқ - СІМ

691 просмотра

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифигіде Қазақстанға Еуропа елдерінен де, АҚШ-тан да санкция туралы ресми хабарлама түспегенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Батыс басылымдары Ресейге сатуға санкция салынған гаджет, микрочип сияқты тауарлардың Қазақстан арқылы тасымалдануы күрт көбейгенін айтып отыр. Бұл басылымдар «Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқан жоқ па?», - деп сұрады журналист.

Айбек Смадияровтың айтуынша, ресми органдардан ондай хабарлама келмеген.

«Қазақстан мен АҚШ арасында арнайы комиссия бар, Сауда министрлігі жүргізеді. Егер бір қазақстандық компания Ресейдің бір компаниясымен келіссөз өткізіп немесе келісімшартқа қол қою жоспарланып жатса, сол комиссия алдын ала ақпарат береді. «Бұл келісімшартқа қол қоюдың қажеті жоқ, өйткені санкцияға ұшырайсыздар», - деп алдын ала мәлімет береді. Сондықтан, қазіргі таңда Қазақстанның бір де бір компаниясы санкцияға ұшыраған жоқ. Өйткені біз бұл мәселе бойынша тиянақты жұмыс жүргізіп келе жатырмыз», - деді ол.

Сондай-ақ СІМ ресми өкілі аталған мәліметтер тексерілетінін атап өтті.

«Енді басылымдардың мәліметін, әрине, біз батыс әріптестерімізбен бірге тексереміз. Қазіргі таңда не Еуропадан, не АҚШ-тан ресми түрде қандай да бір ондай хабарлама түскен жоқ», - деді Айбек Смадияров.

13 наурыз 2023, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.