Атырау, 2 қазан 07:37
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Тоқаев: Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады

754 просмотра

13 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте ескерткіш қою ісін сынға алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Оның сөзінше,соңғы кезде бір аймаққа ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнату сәнге айналды.

- Жергілікті ономастика комиссиялары бұған жол бермеуге тиіс. Орынсыз шешімдерге Республикалық комиссия тосқауыл қоюы керек. Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады. Осыған назар аударыңыздар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы кеңестік кезең қайраткерлеріне, соның ішінде жаппай қуғын-сүргінге тікелей қатысы бар адамдарға ескерткіш, бюст орнату ісі әлі жалғасып келетінін, өмірде болмаған ерлік істерге толы өмірбаяндар ойдан құрастырылып жатқанын айтты.

- Олар туралы деректер архив құжаттарында нақтыланбаған немесе мүлде жоқ. Кейбір белсенді топтар азаматтарымызды кеңестік кезеңдегі партия және мемлекет қайраткерлерінің аңызға бергісіз өмірбаяндарына сенуге мәжбүрлеп жүр, - деді президент.

13 наурыз 2023, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.