Атырау, 2 қазан 07:30
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Жыл басынан бері қандастардың басым бөлігі Өзбекстаннан келді

648 просмотра

Елімізге келген қандастардың жартысы Өзбекстаннан келді. Бұдан бөлек Қытай (16,3%), Ресей (15,9%),  Түрікменстан (8,4%), Моңғолия (4,5%) және басқа елдерден (4,9%) оралғандары да бар, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"Келген этникалық қазақтар Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды", - делінген хабарламада.

1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 69,1%, еңбекке қабілетті жастан кіші – 22,7%, зейнеткерлер – 8,2%.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 20,1%-ы жоғары білімді, орта кәсіби білімді – 40,9%, жалпы орта білімді – 35,2%, ал 3,8%-ының білімі жоқ.

13 наурыз 2023, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.