Атырау, 2 қазан 07:29
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты

852 просмотра

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін ресми түрде босатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Vesti.kz мәліметі бойынша 40 жастағы қазақстандық боксшы Куба атынан қатысатын тұрақты чемпион Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізу жөніндегі промоутерлік келісімнен бас тартты.

Головкин осыған дейін IBF белбеуінен бас тартқан болатын, енді оның еншісінде IBO атағы ғана қалды.

«Головкин алдағы жоспары туралы хабарлау үшін сіздермен байланысқа шығуымды өтінді. Ол WBA тұжырымы бойынша супер чемпион болғанын мақтан тұтады. Головкин өткен жылы Жапонияда Реота Муратаға қарсы орта салмақтағы титулдарын біріктірген болатын.
Геннадийдің жекпе-жектерге шығу ниеті әлі де бар. Ол келесі жекпе-жегін жоспарлау және ұйымдастыру үшін маңызды саналатын көптеген мәселе бойынша шешім қабылдаған жоқ. Головкин Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізу жөнінде өтініш беру мерзімі жақындағанын ескере отырып, бұл істің ұзаққа созылғанын қаламайды. Осылайша орта салмақтағы WBA титулынан бас тартып отыр», - деді Головкиннің өкілі Джон Хорневердің WBA-ға жазған хатында.

Айта кетейік, Головкиннің еншісінде 42 жеңіс бар, оның 37-сін нокаутпен аяқтаған. Сол сияқты екі жеңіліс және бір тең ойын бар.

10 наурыз 2023, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.