Атырау, 2 қазан 07:35
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Лукашенко мемлекетке опасыздық жасаған шенеуніктерді өлім жазасына кесу туралы Заңға қол қойды

766 просмотра

Беларусь президенті Александр Лукашенко «қылмыстық жауапкершілік мәселелері бойынша кодекстерді өзгерту туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Азаттық рухы «Бірінші Пул» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Құжаттың негізгі мақсаты – экстремистік және мемлекетке қарсы бағыттағы қылмыстармен күресті күшейту. Заңда лауазымды тұлғаларды мемлекетке опасыздық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту көзделеді.

«Бұл ретте лауазымды адам немесе әскери қызметшіге мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасы қолданылуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, өткен жылдың мамыр айында Лукашенко Белоруссияның Қылмыстық кодексіне террористік актілерге оқталғаны үшін өлім жазасын қарастыратын түзетулер енгізу туралы Заңға қол қойған болатын.

10 наурыз 2023, 01:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.