Атырау, 2 қазан 09:29
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Франция соты Мұхтар Әблязовқа сотқа келмегені үшін айыппұл салды

788 просмотра

2023 жылғы 7 наурызда Францияның Экс-ан-Прованс қаласының апелляциялық соты Мұхтар Әблязовқа сотқа келмегені үшін айыппұл тағайындау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy «БТА» банкке сілтеме жасап.

Аблязов өзінің сотқа келмеуін саяси қудалаумен байланыстырған. Алайда сот оның дәлелдерін қабылдаудан бас тартты.

2021 жылғы 15 және 16 маусымда Экс-ан-Прованс қаласының соты Мұхтар Әблязовтан жауап алу керек болатын. Отырыс басталар алдындағы соңғы сәтте Әблязов өзінің адвокаты арқылы саяси қудалаудың қауіптілігін сылтау етіп, француз сотының нұсқауын орындамайтынын хабарлады.

Кейінірек БТА Аблязовқа сотқа келмеуіне байланысты айыппұл тағайындау туралы өтініш берді. Апелляциялық сатыда сот Мұхтар Әблязовтың 2018 жылы осындай шақырту бойынша сот отырысына қатысқанын анықтады. Сондай-ақ, Әблязов алдымен Англияда, содан кейін Францияда босқын мәртебесінен айырылды, сондықтан ол сот отырысына қатыспау үшін бұл мәртебеге сілтеме жасай алмады. Сонымен қатар, бұған дейін тергеу судьясы Әблязовқа сот бақылауының шарасын тағайындады, онда соттың талабы бойынша оның отырысқа келуі тиіс екені көзделген. Осылайша, Мұхтар Әблязов аталған талапты бұзды.

2023 жылғы 7 наурызда Экс-ан-Прованс қаласының апелляциялық соты Мұхтар Әблязовтың соттың талаптарын орындамағаны туралы шешім шығарды, осыған байланысты оған айыппұл салынды.

БТА Банкі француз сотының әділ шешімін құптайды. Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары бірнеше рет сот процестеріне адал қатысудан бас тартты және көптеген сот шешімдерін бұзды. Сондай-ақ, АҚШ сотының да талаптарын орындамағандықтан, жауапқа тартылып, айыппұл салынды.

9 наурыз 2023, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.