Атырау, 25 сәуір 08:59
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Құрманғазыда жаңа әкім

3 632 просмотра

Амангелді БарақатовАмангелді БарақатовҚұрманғазы ауданының әкімі Серік АРЫСТАНОВ денсаулық жағдайына байланысты қызметінен уақытша босатылып, оның орнына Мақат ауданының әкімі қызметін атқарып келген Амангелді БАРАҚАТОВ тағайындалды.

Ал Мақат ауданы әкімі қызметінің міндетін әзірге орынбасары Полымбет ХАСАНОВ атқарып отыр.  

Барақатов Амангелді Кеңесұлы 1966 жылы Атырау облысының Мақат ауданындағы Доссор кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1987 жылы инженер болып бастаған. 1989-2000 жылдары аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 2000-2006 жылдары -  «КОССК» ЖШС-нің бас директоры. 2006 жылы аздаған уақыт Жылыой ауданындағы әкім орынбасарының міндеттерін атқарушы болып жұмыс істеді. 2007-2008 жылдары Мақат ауданының әкімі болып қызмет атқарған. Соңғы тағайындалуға дейін «Ақ жол» демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы болды.

Былтыр мамыр айында Мақат ауданына қайтадан әкім болып келген болатын.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 сәуір 2013, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.