Атырау, 23 қараша 13:43
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Германияның сарапшыларын Қазақстанның түрмелерімен танысуға шақырады

1 492 просмотра
АСТАНА, 9 сәу – Қазақстан жаңалықтары АА. Германияның тиісті сарапшыларын бас бостандығынан айыру орындарына барып, қамауда ұстау жағдайлармен танысуға шақырады деп хабарлайды Қазақстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Гидо Херцпен кездесу қорытындысы бойынша.

«А.Дауылбаев қылмыстық қудалау кезінде адам құқықтарын қорғауға және бас бостандығынан айыру орындарында лайықты түрде ұстауға, Қазақстанның адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық шарттарға қосылуына байланысты міндеттемелерді орындауға прокурорлар ерекше көңіл бөлетінін атап өтіп, герман тарапын қадағалау мен құқық қорғау қызметі саласында жеткен нәтижелері туралы таныстырды.Бас Прокурор Елшілік қызметкерлері мен Германияның тиісті сарапшыларын бас бостандығынан айыру орындарына барып, қамауда ұстау жағдайлармен танысуға шақырды»,-делінген хабарламада.

Еуропа Кеңесінің қылмыстық іс жүргізу жөніндегі төрт конвенциясына Қазақстанның қосылуы сұхбаттың маңызды тақырыбы ретінде болды. Сонымен бірге, А.Дауылбаев құқықтық көмек көрсету саласында екіжақты шарттарды жасасу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Дереккөз: newskaz.kz

9 сәуір 2013, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.