Атырау, 2 қазан 11:25
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Қазақстанда инфляция 21,3%-ға жетті

691 просмотра

Ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жылдық инфляция 21,3% құрады, деп хабарлады Sputnik сәрсенбіде республиканың ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

"Инфляция ақпанда 21,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 20,5%-ға, ақылы қызметтердің бағасы 15%-ға өсті", - деп мәлімдеді бюро.

Қаңтарда инфляция бір жылда 20,7%-ға дейін өсті.

Қандай өнімдер қымбаттады?

Көкөністің құны айтарлықтай өсті, ақпан айында пияз 28,5%-ға, қызанақ 17%, қырыққабат 10,9%, қияр 9,8%, қызылша 5,4%, тәтті бұрыш 4,7%-ға қымбаттады.

Сондай-ақ күріш 4,4%-ға, балық 3,6%, консервіленген сүт 2,8%, кесілген нан, шоколадпен жылтыратылмаған кәмпиттер 2%, айран 2,5%, тұздалмаған сары май 1,8%, пастерленген сүт 1,6%-ға бағасы көтерілді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы өсті ме?

Ақпан айында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде тұрмыстық жуғыш заттар мен тазартқыштардың бағасы едәуір көтерілген. Өткен аймен салыстырғанда кір сабынның бағасы 2,8%, кір жуғыш ұнтақ, ыдыс жууға арналған құралдар 2,5%, ағартқыштар 2,4% өскен. Дәретхана қағазының өзі 2,1% қымбаттаған.

Баллондағы сұйытылған газ 1,6%-ға қымбаттады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляция 20,3% құрады.

1 наурыз 2023, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.