Атырау, 2 қазан 11:36
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

ТЖМ халықты құлақтандырудың тегін сервистерімен таныстырды

558 просмотра

Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс барысында мобильді қосымшаларды қолданысқа енгізді. Арнайы қосымша халықты ақпараттандыру мақсатында жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс барысында мобильді қосымшаларды қолданысқа енгізген. Солардың бірі - "Darmen" қосымшасы. Мұнда трассалардың ауа-райына байланысты ашық немесе жабық екенін білуге болады. Сонымен қатар оқу орындарындағы сабақтардың тоқтатылуы, дауылды ескертулер және басқа да хабарламаларды жедел алуға мүмкіндік беретін халықты құлақтандырудың тегін сервисі. 

“Сонымен қатар "Darmen" қосымшасына "Азаматтық қорғаныс" қосымшасы біріктірілген, ол сізге қауіпсіз жүріп-тұру, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу ережелерімен түсінікті жадынамалар мен нұсқаулар түрінде танысуға мүмкіндік береді. Біздің азаматтарға "Darmen" мобильді қосымшасын өзі мен жақындарының смартфондарына жүктеуді ұсынамын. Қосымшаның мүмкіндіктерін кеңейту бойынша алдағы жоспарларымыз бар”, - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы Бауыржан  Сыздықов. 

Бұдан бөлек халықты ақпараттандыру мақсатында мобильді қосымшалардың басқа да платформалары пайдаланылады. 

“2ГИС қосымшасында төтенше жағдай кезінде халықты жинау-эвакуациялау және қабылдау-эвакуациялау бекеттері, суға шомылуға тыйым салынған және рұқсат берілген орындар туралы мәліметтер бар”, - деді  Бауыржан  Сыздықов. 

1 наурыз 2023, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.