Атырау, 2 қазан 11:25
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Ресей агрессиясына барлық ел қарсы шығуы керек – Энтони Блинкен

666 просмотра

Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Украинаға қарсы агрессия оның халқына жасалып жатқан зорлық-зомбылық қана емес, халықаралық жүйенің ішіндегі БҰҰ жарғысындағы қағидаттарға нұқсан келіп жатыр. Жалпы әлем бойынша қауіпсіздікке нұқсан келтірілуде. Егемендік және аумақтық тұтастық мәселесіне әсер етіп жатыр»,- деді Блинкен.

Сонымен қатар ол Ресей агрессиясына барлық ел қарсы шығуы керек дегенді айтты.

«Ол Украинаға көмек ретінде қарастырылмауы керек. Жалпы осы қағидаттарды қорғау ретінде қарастырылуы керек. Егер біз оған мүмкіндік берсек, ол әрі қарай жалғасуы мүмкін. Ресей агрессиясын басқа елдерге бағыттауы мүмкін. Басқа елдер оны басқаша түсініп, әр елдің бөлігінде өзінің агрессоры пайда болуы мүмкін. «Ресейдің қолынан келді, біздің де қолымыздан келеді» деуі мүмкін. Әлем бойынша қақтығыстардың дамуына, ушығуына әкелуі мүмкін. Ешқандай адам тұрақсыз әлемде тұрғысы келмейді. Бұл-өте маңызды. Барлық ел бірлесіп, оны қабылдай алмайтынымызды айтып, оған қарсы бас көтеруі керек»,- деді ол.

Мемлекеттік хатшы Ресейге қарсы нақты идея ,жоспар туралы айта алмайтынын айтты.

«Ресей Украинаны басып алуда жалпы қағидаттарға әсер етіп отыр»,- деді Блинкен.

1 наурыз 2023, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.