Атырау, 2 қазан 11:34
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Наурызда қазақстандықтар 12 күн демалады

858 просмотра

Наурыз айында қазақстандықтар қосымша 4 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Наурыз айында 2 мемлекеттік мереке бар. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңға сәйкес, бұл күндер демалыс саналады.

Оның бірі - 8 наурызда аталып өтілетін Әйелдердің халықаралық күні. Бұл күн биыл сәрсенбіге келіп тұр.

Ал екіншісі - мемлекеттік Наурыз мейрамы. Мерекені қазақстандықтар 3 күн, яғни 21, 22, 23 күндері тойлайды. Биыл наурыз мейрамдары сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндерге тұспа-тұс келеді. Әдетте мұндай жағдайда ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыратын. Бірақ, бұл жолы Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланған жоқ. Оған 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы себеп болуы мүмін. Солайша, 18, 19 наурыз - сенбі, жексенбі демалыстары, 20 наурыз - жұмыс күні, одан әрі 21-23 наурыз - мемлекеттік мейрам.

Сондықтан наурыз айында мереке күндерін қоса алғанда аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар - 12, ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалады.

1 наурыз 2023, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.