Атырау, 15 қаңтар 16:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Есеп 0:0

2 414 рет қаралды

6 сәуірде «Судоремонтник» стадионында футболдан ел чемпионаты 4-турының матчында «Атырау» командасы шымкенттік «Ордабасын» қабылдады.

Қарсыластар бір-бірінің қақпаларына бірталай қауіпті сәттер тудырса да, өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады, есеп 0:0.

Стадионда (онда бір ғана шағын трибуна) көрермендердің көптігінен ине шаншар жер болмады. Көптеген жанкүйерлер ойындар команданың негізгі стадионы «Мұнайшы» СК-нде өтпегеніне наразылықтарын білдірді.

Біз «Атырау» ФК-ның директоры Асылбек ЖҮНТЕРБАЕВҚА телефон соқтық. Ол келесі үй матчын (20 сәуір) команда «Мұнайшыда» өткізеді деп хабарлады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

9 сәуір 2013, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.