Атырау, 22 желтоқсан 14:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанда журналистерге қарсы шабуыл ұйымдастырғандар ұсталды

1 040 рет қаралды

Қазақстан журналистеріне жасалған шабуылды ұйымдастырған күдіктілер ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазады.

ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кесті", - делінген сейсенбіде тараған ақпаратта.

Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы "Қорқыту", 147-бабы "Жеке өмірге қол сұғу", 158-бабы "Журналистік қызметке кедергі келтіру", 202-бабы "Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" және 293-бабы "Бұзақылық" бойынша айып тағылуда.  

"Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев ұсталды. Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда "тапсырыстар" беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді. Аталған топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық шабуыл жасаған. Бұл – автокөлікті өртеу, журналистерге, олардың туыстары мен редакцияларға қоқан-лоққы көрсету мен шабуылдар жасау, DDoss шабуылдар", - деп қосты полиция.

Полиция дерегіне сүйенсек, қылмыстық топ шабуылдарының басты мақсаты – журналистерді қудалауды имитациялау арқылы ҚР президентін және ол жүргізіп отырған демократиялық реформаларды дискредитациялау болған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.

28 ақпан 2023, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.