Атырау, 2 қазан 11:27
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Бензин мен дизель отынына қатысты шектеу ұзартылды

1 015 просмотра

Қазақстанда мұнай өнімдерін көлікпен шығаруға тыйым салудың мерзімін тағы алты айға ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірлескен бұйрыққа энергетика, қаржы, ішкі істер министрлері, сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қол қойды.

"Авиациялық отын мен автомобиль дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкетуді қоспағанда, бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі бірлескен бұйрықтың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды атқарады. Оған ішкі істер министрлігі де көмектеседі.

24 ақпан 2023, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.