Атырау, 2 қазан 11:22
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Танымал музыкант Таиландта жол апатынан көз жұмды​

1 306 просмотра

Сыртқы істер министрлігі өкілдері әнші Дархан Жүнісбековтің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Таиланд полициясының ақпараты бойынша, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Ол жалға алған мопедімен жол апатына түскен. Консул марқұмның туыстарымен байланыста, Қазақстанға мәйітті жіберу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - дейді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, бүгін танымал музыкант Дархан Жүнісбеков қайтыс болғаны хабарланған еді.

Darkhan Juzz (Дархан Жүнісбеков) 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Ол рэп орындаушысы, ән авторы және дыбыстық продюсер еді. Оның жұмысы классикалық трапты, акустикалық гитараны және сезімтал лириканы біріктірді.

24 ақпан 2023, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.