Атырау, 2 қазан 11:33
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Қазавиақұтқару қаза тапқандардың отбасына жан-жақты көмек көрсетеді

1 070 просмотра

"Қазавиақұтқару" компаниясы Батыс Қазақстан облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан қызметкерлердің отбасына жан-жақты көмек көрсетеді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазавиақұтқару қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетеді. Жерлеу рәсімдеріне жұмсалатын барлық шығын Қазавиақұтқару есебінен төленеді", - деді Иманқұлов журналистерге арналған брифингте.

Сондай-ақ қаза тапқан қызметкерлердің балалары кәмелеттік жасқа толғанға дейін қаза тапқан қызметкердің жалақысы мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақымен қамтамасыз етіледі. Барлық қажетті төлемдер ұжымдық келісімшартқа сәйкес төленеді.

Бұл мәселелердің барлығы ТЖ министрінің жеке бақылауында, деді ресми өкіл.

24 ақпан 2023, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.