Атырау, 2 қазан 13:15
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетел азаматтары ұсталғанын хабарлады

1 162 просмотра

Ұлттық қауіпсіздік комитеті, шетел азаматы

Сурет: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

ҚР ҰҚК Шекара қызметі шетел азаматтарының жалған құжаттарды пайдалану деректерін анықтауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдері 2023 жылғы 22 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысы "Шарбақты" өткізу пунктінде Тәжікстан Республикасының 6 азаматы ұсталғанын мәлімдеді.

"Төлқұжаттық бақылауды іске асыру барысында аталған азаматтардан ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар және Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөр басылған төлқұжаттары анықталды", - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметінде.

Қазір ұсталған азаматтар тергеліп жатыр.

24 ақпан 2023, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.