Атырау, 12 қаңтар 01:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді

1 052 рет қаралды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz СІМ сілтеме жасап.

28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды.

"Астанаға сапары барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді", - делінген хабарламада.

Сол күні Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы Министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.

24 ақпан 2023, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.