АСТАНА, 5 сәу –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен келді деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Сапар аясында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі жоспарланған, оның барысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою қарастырылған»,-делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Боао азиялық форумы 12-сессиясының жұмысына қатысады және оған қатысатын халықаралық делегация басшыларымен келіссөздер жүргізеді.
Дереккөз: newskaz.kz