Атырау, 2 қазан 13:23
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Батыс Қазақстандағы тікұшақ апатынан қаза тапқандардың аты-жөні жарияланды

1 132 просмотра

ТЖМ баспасөз қызметі Батыс Қазақстандағы оқыс оқиғадан қаза тапқандардың аты-жөнін жариялады.

Ресми мәліметке қарағанда, авиациялық төтенше жағдай кезінде министрліктің төрт қызметкері көз жұмды. Олардың қатарында ұшқыш-нұсқаушы Дәулетбай Қанатов Сабырбайұлы, екінші пилот Владимир Афанасьев Константинович, аға борт механик-нұсқаушы Сиязбек Андосов Шажалиұлы және жетекші инженер Жәрдем Доскалиев Қуанышқалиұлы бар.

«ТЖМ ұжымының атынан 2023 жылғы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының аумағында авиациялық оқиға кезінде қаза тапқан әріптестеріміздің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп жазды ведомстводан.

24 ақпан 2023, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.