Атырау, 2 қазан 13:24
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Тікұшақ апаты қалай болды - ТЖМ нұсқасы

1 074 просмотра

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Батыс Қазақстандағы тікұшақ апаты қалай болғаны туралы ведомствоның ресми нұсқасын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше біздің жүйе үшін қайғылы күн болды. Бір күнде біз төрт әріптесімізден – жақын достарымыздан, тәжірибелі және жоғары кәсіби қызметкерлерімізден айырылдық. Сонымен қатар, авиациялық оқиға кезінде біздің бір қызметкеріміз Қазавиақұтқару жетекші инженері және ҚазТрансОйл өкілі зардап шекті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше 23 ақпанда Астана уақытымен сағат 15.48-де дағдарыс жағдайларында басқару орталығына Орал қаласынан 54 км жерде Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Чапурино кентінің ашық аумағында Ми-8 ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы қонуға мәжбүрлі болғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Тікұшақ «Атырау-Орал-Атырау» бағыты бойынша ұшқан болатын», - деді ол ведомствода өткен брифингіде.

Сондай-ақ, ол кеше 23 ақпан күні сағат 10.40-та «ҚазТрансОйл» АҚ өтінімі бойынша Атыраудан ұшып шыққанын еске салды.

«Бортта 6 адам - 5 экипаж мүшесі және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 1 өкілі болды.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның өтінімі бойынша тікұшақ «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырын бойлай ұшты.

Сағат 19.07-де оқиға орнында ТЖД күшімен қаза тапқандардың 4 денесі табылды: әуе кемесінің командирі Довлетбай Қанатов, екінші ұшқыш Владимир Афанасьев, борт механигі Сиязбек Андосов және инженер Жәрдем Досқалиев.

Қазавиақұтқару инженері Сергей Щеглов пен «ҚазТрансОйл» АҚ желілік құбыржолшысы С.С. Ерғалиев түрлі жарақаттармен жедел медициналық жәрдем вагонымен Орал қаласының көпсалалы ауруханасына жеткізілді.

Қазавиақұтқару бас директоры оқиға орнына бірден ұшып шықты», - деді ТЖМ ресми өкілі.

24 ақпан 2023, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.