Атырау, 2 қазан 13:23
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Шетелдіктер үшін ЖСН алу рәсімі өзгертілді

912 просмотра

Қазақстанда уақытша тұруға келген шетелдік азаматтардың ЖСН алу рәсімі ішкі істер министрінің бұйрығымен өзгертілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.Мұны Алматы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.

ЖСН алу үшін шетелдік немесе оның заңды өкілі көші-қон полициясына келген жері бойынша мемлекеттік корпорация арқылы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш беріп, оған құжаттарды тіркеуі тиіс.

Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мынадай құжаттарды қоса беру қажет:

  • Өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжат, егер құжаа кириллица немесе латын әліпбиінен (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері) басқа қаріпте жазылса, құжаттың тиісті нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беру қажет;
  • Нотариалды куәландырылған сенімхат (өкіл жүгінген кезде).

Портал арқылы жүгінген кезде:

  • ЭЦҚ-мен расталған электрондық сұрау салу;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі; 
  • Өкіл жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
  • Өтініш берушінің немесе оның өкілінің ЭЦҚ.

Сонымен қатар, енді шетелдіктер ЖСН-ды түзете алады. 

Ол үшін жоғарыда аталған құжаттармен қоса, орнату деректерін өзгерту туралы куәлікті ұсынады.

ІІМ операторы келіп түскен өтінімдердің дұрыстығын тексереді және өтінім дұрыс болған жағдайда ЖСН-ды түзету рәсімін жүзеге асырады.

"Кез келген шетелдік ЖСН-ды тегін ала алады. Шетелдіктердің ЖСН алуындағы өзгерістер қатарына ЖСН түзету қызметі енгізілді. Өйткені шетелдіктің аты, тегі немесе әкесінің аты біздің транскрипциямызда қате болып жатады", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың қаңтарында 22 658 өтінім қабылданып, 13 974 ЖСН берілді.

23 ақпан 2023, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.