Атырау, 2 қазан 13:31
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Түркияда жұмыс істеген қазақстандық құтқарушыларға ақшалай сыйақы төленеді

526 просмотра

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркиядағы құтқару операциясына қатысқан қазақстандық мамандарға ақшалай сыйақы төленетінін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Министрлік құтқарушылардың тізімі мен барлық қажетті құжаттарды президент әкімшілігіне жібергенін жеткізді.

"Қазір Төтенше жағдайлар министрлігі өз бюджетінен құтқарушыларға жалақы төлеуді жоспарлап отыр", – деді Ибрагим Күлшімбаев.

Еске салсақ, Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға құтқарушылардың тағы бір бортын жіберуге тапсырма берген еді. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Түркиядағы жер сілкінісінен кейін құтқару-іздестіру жұмыстарына қатысқан қазақстандық құтқарушылардың суреттері мен қысқаша өмірбаяндарын жариялады.

23 ақпан 2023, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.