Атырау, 2 қазан 13:14
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Елімізде әуе көлігімен жолаушылар мен жүк тасымалының ережесі өзгерді

856 просмотра

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы бұйрығы аясында жолаушыларды, жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидасына өзгерістер енгізілді. Осы орайда құжаттың 107-тармағы жаңа редакцияда жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • «Егер жүк осы Қағидалардың 101 және 104-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес келмесе, әуе компаниясы оны тасымалдауға қабылдаудан бас тартады», - делінген құжатта.

    Сонымен қатар құжатта жүкті алатын адам әуе компаниясынан ұшақ межелі пунктке келген, жүкті түсірген және оны өңдеген сәттен бастап жүк пен жүк құжатын беруді талап ететіні нақтыланған. Жүкті тапсыру әуе кемесі келген сәттен бастап 2 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.

    Бұдан бөлек, құжаттың 135-тармағында әуежай әкімшілігі әуе көлігі арқылы жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау тәртібін әуежайдың ресми интернет-ресурсында орналастыратыны айтылған.

    Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған мерзімнен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  • 22 ақпан 2023, 17:31

    Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

    Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.