Атырау, 2 қазан 13:21
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Қазақстандық тағы бір журналиске шабуыл жасалды

828 просмотра

Алматыда журналист Данияр Молдабековке медициналық бетперде киген белгісіз біреулер шабуыл жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Данияр Молдабеков болған оқиғаны facebook парақшасына жазды. Көп ұзамай полиция түсініктеме берді.

“Оқиға туралы хабарлама 102 пультіне 22 ақпан күні сағат 10:37-де түсті. Факт Алмалы аудандық полиция бөліміне тіркелді”, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі оқиғаны министрлік бақылауда ұстайтынын айтты. 

“Әріптесіміз Данияр Молдабековтің  бәймәлім кісілер тарапынан соққыға жығылғаны жөнінде жазған постын оқыдым. Бұл оқиғаны айыптаймыз және тиісті құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, кінәлілер тез табылады деп сенеміз. Өз тарапымыздан бақылауда ұстаймыз”, - деді министр. 

22 ақпан 2023, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.