АЛМАТЫ, 5 сәу –Қазақстан жаңалықтары АА. Халықаралық арашы «алтылықтың» (Ресей, Қытай, АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Германия) Ираннның ядролық бағдарламасы бойынша Иранмен келіссөздері Алматыда басталды.
"Алтылық" Алматыда Иранмен екінші рет кездесуде. Алғашқы ауқымды келіссөздер Қазақстанда ақпанның соңында өткен болатын. Кездесу нәтижесіз аяқталған болатын.
Иран батыс серіктестерінен жаңа ұсыныстар естімегенін мәлімдеді. «Алтылық» өкілдерінің пікірі басқаша: Тегеранға жаңартылған ұсыныстар жасалды, атап айтқанда, Тегеранды БҰҰ ҚК санкцияларынан босату мүмкіндігін Форду қаласындағы нысанда уранды байытуды 20%-ға дейін тоқтатудың орнына алмастыру ұсынылды, оған ирандықтар келіскен жоқ. Тегеран жұмада басталған келесі келіссөздерге «сақтық оптимизммен» келетінін мәлімдеді.
Дереккөз: newskaz.kz