Атырау, 2 қазан 13:17
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Ресейдегі әскери институттардың бірінде қазақстандық курсант мерт болды – БАҚ

874 просмотра

19 ақпанда Ресейдегі Саратов қаласында әскери институттардың бірінде 19 жастағы қазақстандық курсант өзін атып тастады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Саратов 24" сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға Ф.Э.Дзержинск атындағы ұлттық гвардия әскерінің институтында болған. Курсанттың мәйіті 19:00 шамасында табылған. Бұған дейін ол 18:00-де Калашников автоматын ұстап кезекшілікке шығыпты. 

Бірақ уақыттан соң курсанттар қаруды өткізуге қойма алдында жиналған. Алайда қазақстандық курсант кептіргіш бөлмеге кетіп қалыпты. Қайғылы оқиға да дәл осы жерде орын алған. Әзірге мамандар курсант өзіне қол салуы мүмкін деп топшылап отыр.

"Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр, мән-жайы анықталады", – деді Росгвардия аймақтық басқармасының баспасөз қызметі. 

21 ақпан 2023, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.