Атырау, 26 қыркүйек 04:56
 ашықВ Атырау +23
$ 473.98
€ 504.03
₽ 4.93

АМӨЗ-ге 399 шетелдік жұмысшы келеді

1 868 просмотра

ҚР Үкіметі қытайлық «Sinopec Engineering» компаниясының қазақстандық филиалы үшін «АМӨЗ-ді қайта жарақтау және жаңғырту» жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота бекітті.

АМӨЗ баспасөз қызметіндегілер 2013 жылдың квотасы 399 адам құрайтынын хабарлады. Соның ішінде І санат бойынша (бірінші басшылар) – 1, ІІ санатта (бас мамандар, бөлім бастықтары) – 28, ІІІ санат бойынша (инженерлік-техникалық қызметкерлер) – 165, IV санат бойынша (жұмысшылар) – 205.

Үкімет бекіткен рұқсат беру шарттарына сәйкес, жобада І және ІІ санаттар бойынша қазақстандықтар жұмысшылар тізіміндегі мөлшердің 50 пайызынан, ІІІ санат бойынша 80 пайызынан, IV санат бойынша 90 пайызынан кем болмауы тиіс.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

5 сәуір 2013, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.