Атырау, 2 қазан 13:29
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Павлодар тұрғыны әскери комиссариатты сотқа беріп, жеңіліп қалды

824 просмотра

Павлодар тұрғыны әскери комиссариат үстінен арыз түсіріп, жеңіліп қалды. Жігіт денсаулығына байланысты әскерге бара алмаймын деп, шақыру комиссиясының шешіміне шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі мәліметінше, жеке емхана берген медициналық анықтамада жігіт қан қысымының жоғарылығы және жүрек ауруымен диспансерлік есепте тұрғаны айтылған. Диагнозды нақтылау үшін әскерге шақыру комиссиясы жігітті жан-жақты медициналық тексеруге жіберген. Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, жекеменшік емханада қойылған диагноз расталмаған.

"Сотта амбулаториялық жағдайда қан қысымын тәуліктік бақылау жүргізілмегені анықталды. Жеке клиниканың кардиологы талапкерді тексерусіз диспансерлік есепке қойды. Медициналық ұйымның заңбұзушылықтары талапкер үшін жағымсыз салдарға әкелді. Дұрыс қойылмаған диагнозға байланысты ол әскери қызметке жарамсыз деп танылуы керек деп ойлады", - деді соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, осы жерде анықталған заңбұзушылықтар бойынша сот дәрігерлік емхана мен Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне қатысты жеке ұйғарым шығарғаны хабарланды. Жеке қаулы заңды күшіне енгеннен кейін сотқа жеке емханадағы кардиолог дәрігердің тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарланды.

21 ақпан 2023, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.