Атырау, 2 қазан 13:15
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

1,5 млрд теңге шығын келтірген: ҚТЖ басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

1 380 просмотра

«Қазақстан темір жолы» АҚ орталық аппаратының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық іс кәсіпкерлікке кедергі келтіру дерегі бойынша қозғалған.

«Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен Бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша «ҚТЖ» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Арызға сәйкес келтірілген алдын ала залал 1,5 млрд теңгеден астам сома ретінде көрсетілді», - делінген ведомство хабарламасында.

Тергеу процесі прокурорлары тобының басшылығымен жүргізіліп жатыр.

«Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - делдінген хабарламада.

20 ақпан 2023, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.