Атырау, 8 қазан 04:02
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 2012 жылы 5,3% құрады

7 241 просмотра

АСТАНА, 4 сәу – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда  жұмыссыздық деңгейі  2012 жылы  5,3% құрады, деп хабарлайды республиканың статистика агенттігі. 

«2012 жылы жұмыссыз халықтын саны 474,8 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 5,3%  (2011 жыл -   5,4%) құрады. Жұмыссыз ерлердің үлесі 39,7%, әйелдердің үлесі – 60,3%», - деп ақпараттандырды статистика агенттігінде.

15-24 жастағы¹⁾ жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,9% (2011жылы– 4,6%), 15-28 жастағылардікі²⁾ – 5,4% (2011жылы– 6,3%) болды.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2012 жылдың соңына 34,6 мың жұмыссыздар ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,4%-ын (2011 жыл – 0,4%) құрады», - деп атап өтті ведомствода.

 2012 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,5 млн. адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 67,9% жұмыспен қамтылды. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 205,5 мың адамға (2,5%-ға) артты. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі (4,4 млн. адам) – ерлер, 48,6% (4,1 млн. адам)  – әйелдер.

Дереккөз: newskaz.kz

4 сәуір 2013, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.